- Барлық ақпарат
Сычуаньдағы жер сілкінісінде қамалып қалған 31 тұрғынды 6 сағатта құтқарды
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қыркүйек
8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сычуань өлкесінің Лудин ауданындағы Иваньшуй елді мекені 6,8 балдық жер сілкінісінен қатты зардап шекті. 31 ауыл тұрғыны тау басында қалып, кейбір адамдар жараланып, жер сілкінісі толассыз жалғасып, жағдай күрделене түсті. Құтқарушылар 6 сағат бойы күресіп, апат қоршауында қалған 31 тұрғынды аман-есен қауіпсіз жерге жеткізді.
Еске сала кетсек, 5 қыркүйек күні Сычуань өлкесінің Лудинында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Апат салдарынан 8 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша 82 адам қаза болып, 35 адам хабарсыз кетіп, 270 адам жарақат алды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online