- Барлық ақпарат
Шыңжаң Алтай көш-қон басқармасының полициясы малшыларды күзеуге көшірді (6)
6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қыркүйектен бастап Шыңжаңның Алтай аймағының Бурылтоғай ауданындағы малшылар жаз жайлауынан күзеуге көше бастады. Шыңжаң Алтай шекара басқармасына қарасты Бурылтоғай шекаралық басқару бригадасы малшылармен жұмыс істеу үшін, үш топқа бөлінген 15 полицей малшылардың көш-қонына көмектесуге жіберілді.
Полицейлер көші-қонның ерте және қысқы уақыттағы жағдайларын ескере отырып, малшыларға қажетті көмектер көрсетті. Сонымен бірге жол бойы шекаралық заңдар мен ережелерді насихаттай отырып, көшу кезінде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешіп, малшылар мен олардың төрт түліктерінің күзеуге аман-есен жетуіне мүмкіндік жасады.
Мәліметтерге сәйкес, жергілікті малшылардың мың жылға жуық көшіп-қону тарихы бар. Олар жыл маусымының ауысуына ілесе төрт түліктерін айдап «судың тұнығын, шөптің шүйгінін» іздеп көшіп жүреді. Биылғы жылы жалпы жайылымдық аймақта 900-ден астам малшы 400-мыңнан астам малды айдап, 10 күннің ішінде мың жылдық тарихы бар 19 жол сораптары арқылы күзеуге көшуді жоспарлап отыр.
people.cn © People's Daily Online