Сычуаньның Лудин ауданында болған жер сілкінісінен 66 адам қаза тапты (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 қыркүйек
Сычуаньның Лудин ауданында болған жер сілкінісінен 66 адам қаза тапты

6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қыркүйек күні сағат 12:52-де Сычуань өлкесі Ганци тибет автономиялық облысы Лудин ауданында магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі орын алды. Жер сілікінісі ошағының тереңдігі 16 шақырымды құрады. 5 қыркүйек күні сағат 23:00-ке дейінгі жағдай бойынша апаттан 66 адам қаза тауып, 16 адам хабарсыз кеткен, 50-ден астам адам жарақаттанған.

Осы уақытқа дейін Сычуаньның Ганци тибет автономиялық облысы мен Яань қаласынан 50 мыңнан астам адам уақытша қоныс аударып, қауіпсіз жерге орналастырылды. Жер сілкінісінің төтенше жағдайын жоюдың ұлттық деңгейі 2-сатыға жетіп, Мемлекеттік кеңестің жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету штабының жұмыс тобы Сычуаньға шұғыл аттанды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото