- Барлық ақпарат
Отандық ауқымды күн энергиясын қолданатын ұшқышсыз ұшақтың алғашқы ұшуы сәтті болды (2)
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 қыркүйек
5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қыркүйекте еліміз әзірлеген «Шолпан 50» кең ауқымды күн энергиясын пайдаланатын ұшқышсыз ұшақ Шэньси өлкесінің Юлинь қаласында алғашқы рейсін жасады.
Күн энергиясымен жұмыс істейтін «Шолпан 50» ауқымды ұшқышсыз ұшу аппараты сағат 17:50-де көкке көтеріліп, 26 минут кеңістікте ұшып, алғашқы ұшу миссиясын сәтті аяқтады.
«Шолпан 50» - күн энергиясын ғана қуат ететін Aviation Industry Group әзірлеген бірінші толық электрлік ауқымды ұшқышсыз ұшақ платформасы. Ұшақ биіктікте барлауды, орман өртін бақылауды, атмосфералық ортаны қадағалауды, географиялық картаны жасауды, байланыс эстафетасын және басқа да тапсырмаларды орындай алады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online