Еліміз әлемдегі бірінші синтетикалық қорғасын-ақ косметикаcын тапты (7)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 қыркүйек
Еліміз әлемдегі бірінші синтетикалық қорғасын-ақ косметикаcын тапты

5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай ғалымдары Шэньси өлкесіндегі Чуньцю дәуірінің (біздің ерамызға дейінгі 770—476 жылдар аралығы)басындағы ақсүйектер зиратынан табылған микро-мыс ыдысының қалдықтарынан қорғасын-ақ синтетикалық косметикасының ең ерте белгілі болған қалдықтарын тапты. Бұл ежелгі қытайлардың Чуньцю дәуірінде синтетикалық косметика қолданғанын көрсетеді. Аталмыш дәуір Еуропа мен Жерорта теңізі аймағынан 300 жыл ерте болған.

Ежелгі адамдардың өмір сүру сапасының егжей-тегжей ақпаратын көрсететін бұл маңызды ғылыми жұмысты Қытай Ғылым академиясының археология және антропология бөлімі (Ұлттық ғылым және технология университетінің археология бөлімі) Шэньси өлкесінің археология институтымен бірге бітірді. Ғылыми еңбек Бейжің уақытымен 3 қыркүйек күні кешке халықаралық танымал Springer Nature академиялық баспа ұйымына қарасты кәсіби гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар журналы «The Journal of Gumanities and Social Sciences»-да онлайн түрде жарияланды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото