«Шэньчжоу 14» астронавт экипажы кабинадан тыс бірінші әрекетті сәтті аяқтады (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 қыркүйек
«Шэньчжоу 14» астронавт экипажы кабинадан тыс бірінші әрекетті сәтті аяқтады

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерлік кеңсесінен алған ақпаратына сәйкес, «Шэньчжоу 14» ғарышкерлері Чен Дон, Лю Ян және Цай Сюже өзара бірігіп жұмыс істеулерінің арқасында, 2 қыркүйек күні сағат 0:33-те, шамамен 6 сағат кабинадан тыс жұмыс жүргізіп, жоспарланған тапсырмаларды ойдағыдай орындағаннан кейін, Чен Дон мен Лю Ян Вэнтиан эксперименттік кабинасына аман-есен оралды. Осылайша, кабинадан шығу әрекеті толығымен сәтті орындалды.

Бұл әрекет астронавтардың шағын роботпен бірге жұмыс істеу қабілетін сынап, тиісті қолдау жабдығының функционалдық өнімділігін тексерді.

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото