Тау қойнауындағы «микромектеп» оқу жылын бастады (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 қыркүйек
Тау қойнауындағы «микромектеп» оқу жылын бастады

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Фуцзянь өлкесінің Фучжоу қаласы Юнтай ауданы Байюнь ауылындағы тау ішінде Фэнцзи ауылдық бастауыш мектебі орналасқан. Мектепте небәрі 2 мұғалім, 5 оқушы ғана бар. 5 оқушының барлығының ата-анасы сырт жерде жұмыста немесе әлеуметтік жағынан осал отбасының балалары. Бұл бір «микромектеп» болғанымен, көптеген смарт сынып жабдықтары, кітап оқу залдары, спорт құралдары сияқты материалдардың барлығы толық. 1 қыркүйекте бұл мектеп те жоспардағыдай оқу жылын бастады. 1987 жылдан бері Фэнцзи бастауыш мектебінде ұстаздық етіп келе жатқан Линь Ваньчжу: «Мектепте бір оқушы қалса да, мен жұмысымды үзбей, мұғалімдік кәсібімді жалғастыра беремін»,- деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото