13 жылдан кейін, мен сіздің жолыңызды қудым (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 тамыз
13 жылдан кейін, мен сіздің жолыңызды қудым

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 тамыз. Аздаған себезгі жаңбыр бар. Полиция киімін киген Тай Сицянь Аньхой өлкесінің Нинго қаласындағы шейіттер мемориалдық залына келіп, полицияға қабылдану алдындағы «алғашқы сабақ» - идеялық-саяси тәрбие алу сағатына қатысты.

Тай Сицянь әкесінің есімі жазылған Шейіттер қабырғасының алдына келіп, қолын көтеріп, әскери құрмет сәлемін жасап, ұзақ тұрды!

2009 жылы 17 тамызда Нинго қалалық қоғамдық қауіпсіздік мекемесінің Шэцяо орман полиция бөлімшесі директорының сол кездегі орынбасары Цао Цзюнь суға кеткен адамды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан еді. Оған Аньхой өлкесінің үкіметі өлкелік шейіт атағын берді.

Әкесінің өмірден озуы Тай Сицяньның көкірегіне болашақта әкесінің жолын қуып, халық полицейі болу арманын ұялатады.

2018 жылы Тай Сицянь Нанкин Орман полициясы академиясына үздік бағамен қабылданады. Ол іштей мұны үлкен марапат әрі әкесіне арналған ең жақсы естелік деп бағалайды.

«Есейген соң, мен сіздің жолыңызды қудым». 2022 жылы Тай Сицянь полиция академиясын бітіргеннен кейін, полиция формасын киіп, қоғамдық қауіпсіздік командасының үлкен отбасына қосылды.

Биылғы қабір сыпыру күні қарсаңында, құрбан болған әкесіне деген сағыныш хатында, Тай Сициань былай деп жазады: «Әке, сіз маған полиция болуға деген жігерді сыйладыңыз. Мен осы жолда айқын таңдау жасадым. Әрі бұл кәсіби мамандықты өмірімнің соңына дейін жалғастырамын!»

«Әкеме деген ең үлкен құрмет – үмітін ақтап, білікті халық полицейі болуға талпыну». 29 тамызда Тай Сицянь Сюаньчэн қоғамдық қауіпсіздік бюросының саяси бөліміне жұмысқа тұрып, ресми түрде Халық полициясы сапына қабылданды.

«Бұрын Сіз халықтың амандығы үшін жаныңызды салып, парыз-міндеттеріңізді адал атқардыңыз. Алдағы уақытта Сіз басып өткен жолды мен жалғастыратын боламын». 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото