2000 жыл бұрын Қытайлықтар ақшаны қайда сақтаған?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 тамыз
2000 жыл бұрын Қытайлықтар ақшаны қайда сақтаған?

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қабықтарды сақтауға арналған ыдыстарды 2000 жылдан бұрын ежелгі Диань патшалығындағы (қазіргі Юньнань) ақсүйектер теңіз қабыршақтарын сақтау үшін пайдаланған. Байлық, күш-қуат пен мәртебенің символы болып табылатын қабықтарды сақтауға арналған ыдыстар бүгінгі «жиынтық ақша салатын қобдишаға» ұқсас.

Қазіргі уақытта Юньнань өлкесінің мұражайында орналасқан мыстан жасалған қабық сақтайтын ыдыстың биіктігі 65,8 см, түбінің диаметрі 45,2 см. Оның қабырғасы өміршеңдіктің бейнесін сипаттайтын 4 бұғы және 4 сиыр пішінімен әрленген. Қақпағында 3 адам қылыш көтеріп, 2-еуі атқа мініп, қашып бара жатқан бұғыны қуған аңшының көрінісі бейнеленген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото