Қытайдың 7-нші материалдық емес мәдени мұра көрмесі ашылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 тамыз
Қытайдың 7-нші материалдық емес мәдени мұра көрмесі ашылды

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 25 тамызда Шаньдунның Цзинань қаласында Қытайдың 7-нші материалдық емес мәдени мұра көрмесі ашылды. «Қазіргі өмірмен қауышу, тартымдылықтың шуағын шашу» тақырыбындағы көрме онлайн және офлайн режимінде өтті.

Негізгі көрме алаңы «Жаңа дәуір және жаңа жетістіктер» атындағы Қытай Коммунистік партиясының 18-інші ұлттық құрылтайынан бергі ұлттық материалдық емес мәдени мұраны қорғау жетістіктері көрмесі, «Өркен жайған өскін» аталатын Ұлы канал бойындағы материалдық емес мәдени мұра көрмесі, «Әдемі өмір» аталатын ауылды жандандыруға көмектесетін материалдық емес мәдени мұра көрмесі, «Шай және әлем» аталатын Қытай Дәстүрлі шай рәсімінің әдістері мен оған байланысты әдет-ғұрыптар көрсетілімі 4 бөлімнен тұрады. Бұлар материалдық емес мәдени мұра жобаларын қорғау және мұраға қалдыру, материалдық емес мәдени мұраның ауылды жандандыруға жәрдемдесуі және оны заманауи өмірге сәйкестендіру сияқты жарқын тәжірибелерді көрсетеді. Көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен 332 материалдық емес мәдени мұра иегерлері мен 284 материалдық емес мәдени мұра жобасы қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото