Мотоциклшілер Чунцин тауындағы өртпен күресуге көмектесті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 тамыз
Мотоциклшілер Чунцин тауындағы өртпен күресуге көмектесті

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында температураның үздіксіз жоғарылауы мен құрғақшылық салдарынан Чунциннің көптеген аймақтарында арт-артынан орман өрттері шығып, орман және шабындық өрттерінің алдын алу жұмыстары қиын болды. Оқиға орнына Чунцин қалалық өрт сөндірушілері, қарулы полиция қызметкерлері мен сарбаздар жасағынан құралған 3000-нан астам адамды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Өртті тізгіндеу үшін әр саладан келген адамдар мен қалың жұртшылық жұдырықтай жұмылды. Солардың ішінде жұртты елең еткізгені – «мотоциклшілер» тобы болды.

Тауда өрт шыққаннан кейін, 22 тамыз күні Чунцин жол-патрульдік полициясының өтінішімен мотоцикл жүргізушілері қажетті жабдықтарды жеткізуге кірісіп кетті. Beijing News хабарлауынша, сол күні кем дегенде мыңдаған мотоцикл жүргізушілері нақ майданға барған. Өрт сөндірушілер мен сарбаздар «алдыңғы шепте» өрт сөндірсе, мотоциклшілер материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты болды. Өрт қоршаған тауға баруға белсенділік танытқан мотоциклшілер сөмкелерін көтеріп, құлама беттерге шығып, өрт сөндірушілерге бірінен соң бірі дизельдік отын, өрт сөндіргіштер және басқа да заттарды жөнелтті. Осындай қайырымдылыққа толы әрекеттен кейін қаладағы барлық мотоцикл жүргізушілердің бәрі өрт жайлаған жерге шоғырланғандай көрініс қалыптастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото