- Барлық ақпарат
Еліміздің ең солтүстігіндегі жүрдек пойыз вокзалы - Ичунь Батыс станциясының құрылысы ресми түрде басталды
25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 24 тамыз. Харбин-Ичунь жоғары жылдамдықты теміржол жолының Ичунь бөлігі - Ичунь қаласының Вуцуй аумағындағы вокзал ғимаратының құрылыс алаңы. Іргетастың қалануы еліміздің ең солтүстік аймағындағы жүрдек теміржол вокзалы Ичунь Батыс станциясының құрылысының ресми басталғанын білдіреді. Бұл еліміздің жоғары жылдамдықтағы теміржол құрылысының ендіктерін тағы бір рет жаңартты.
Жаңадан салынған Ичунь Батыс станциясы Ичунь қаласы, Вуцуй аумағы, Ичун электр станциясының оңтүстік жағында орналасқан. Станция ғимаратының жалпы құрылыс алаңы шамамен 19 985 шаршы метрді құрайды. Бұл бүкіл желідегі ең үлкен ғимарат болып табылады. Станцияда 2 платформа және 4 желі бар. Вокзал ғимараты жер үстіндегі 3 қабаттан және жер асты 1 қабаттан тұрады.
Ичунь қаласы Хэйлунцзян өлкесінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Сяосиньань тауларының ішкі аймағында орналасқан. Ичунь- әлемдегі ең үлкен орманды қалалардың бірі. Орманмен қамту деңгейі 84,7%-дан асады. Сондықтан оның «Қытайдың орман қаласы» деген атауы бар. Станцияның архитектуралық стилі аймақтық мәдениетпен үйлесім тауып, «Қалың орман – қарлы дала, айдаһардай ысқырған жел» тақырыбымен вокзал ғимаратының төбесі Ичуньды қоршаған таулардың сілемі секілді толқынданып, табиғат тынысымен үндесіп, орманды таудың сұлулығы мен өрлігін бойына сіңірген.
Харбин-Ичунь жоғары жылдамдықты теміржол желісінің бойында арал тәрізді қатты қабат белдеулері көп кездеседі. Құрылыс алаңындағы тоң қабаттың қалыңдығы 2,9 метрге жетіп, аязға сезімталдық пен тұрақсыздық құрылысқа үлкен қиындық әкеледі. Құрылыс бөлімі Харбин технологиялық институтының ғылыми-зерттеу тобымен ынтымақтаса отырып, аязға төзімді материалдардың жаңа технологиясы бойынша алғашқы отандық зерттеулерді жүргізді. Жаңа технологияны қолдану арқылы жұмсақ топырақты қатайтып, нығыздау арқылы іргетастың аяздан зақымдалуының алдын алуға болады.
Харбин-Ичунь жоғары жылдамдықты теміржол желісі аяқталғаннан кейін, Харбиннен Ичуньға дейінгі жолаушылар пойызының жүру уақыты қазіргі 7 сағаттан 2 сағатқа қысқарады. Осы арқылы халықтың сапары ыңғайлы әрі жылдам бола түседі.
people.cn © People's Daily Online