Ыстық қайту амалындағы күзгі жиын-терім

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 тамыз
Ыстық қайту амалындағы күзгі жиын-терім

23 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 23 тамыз күні сағат 11:16-да біз Қытайдың 24 дәстүрлі жыл амалының бірі ыстық қайту амалын қарсы алдық. Бұл амал кезінде дихандар күзгі қарбалас жұмыстарын бастап кетті. Чунциндегі Гуанян аралында фермерлер егіншілік маусымында күріш жинауды бастаса, ал егіс атыздары алтын дәнге толады.

Гуанян аралы - Янцзы өзенінің жоғарғы ағысындағы ең үлкен жасыл арал. Соңғы жылдары табиғатты қорғау мен экологияны қалпына келтірудің жүйелі дамуымен Гуанян аралының экологиялық ахуалы үздіксіз жақсарып келеді. Бүгінде Гуанян аралының жасыл таулары, мөлдір суы, қөк орманы, астыққа толған атыздары мен жасыл алқабы жайқалып тұратын болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото