- Барлық ақпарат
«Халықаралық әскери ойындар-2022»-нің «Теңіз кубогы» аяқталды.
Қытай құрамасы екі түрден бірінші орынға жетті (2)
22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Халықаралық әскери ойындар-2022»-нің «Теңіз кубогы» жарысы 20 тамыз Шаньдун, Циндао маңындағы теңіз алабында аяқталып, Қытай құрамасы екі түрден бірінші жүлдеге ие болды.
Бұл Қытай Әскери-теңіз күштерінің алғаш рет «Халықаралық әскери ойындар-2022»-нің «Теңіз кубогын» өткізуі еді. 17 тамызда жарыс ашылғаннан бастап, Қытай мен Ресей төрт пән бойынша қызу бәсекеге түсті. Бәсекелестік төмендегідей түрлерді қамтыды: лаңкестік пен қарақшылыққа қарсы күрес, әскери-теңіз қаруларымен әуе қорғанысын жасау, теңіз қаруларын теңізге көздеу және қалқымалы минаны ату. Төрешілер тобының шешіміне сәйкес, Қытай құрамасы әскери-теңіз қаруларымен әуе қорғанысын жасау және теңіз қаруын теңізге ату бойынша біріншілікке ие болды. Ал лаңкестікпен, қарақшылықпен күресу және қалқымалы минаны атудан Ресей жеңіске жетті.
«Халықаралық әскери ойындар» – Ресей Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өтетін халықаралық әскери жарыс. «Теңіз кубогы» әскери жарыстың бір шарасы болып табылады. Қытай Әскери-теңіз күштері 2017 жылы «Хуаншэ» әскери кемесін, ал 2021 жылы «Гуанюань» кемесін Ресейге әскери жарысқа қатысуға жіберген болатын.
people.cn © People's Daily Online