АҚШ-тағы алып панданың баласы «Кішкентай ғаламат» туған күнін атап өтті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 тамыз
АҚШ-тағы алып панданың баласы «Кішкентай ғаламат» туған күнін атап өтті

22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 21 тамызда АҚШ-тағы алып панданың баласы «Кішкентай ғаламат» өзінің екінші туған күнін атап өтті. 2020 жылдың 21 тамызында Вашингтонда Қытайдан Америкаға апарылған алып панда «Мэй Сян» еркек төлді өмірге әкелген еді. Желідегі дауыс беру нәтижесінен кейін ,Американың ұлттық хайуанаттар бағы індеттің ең қиын кезеңінде туған панданың атын «Кішкентай ғаламат» деп қойды. Хайуанаттар бағы 21 тамыз күні балапанға мұздатылған алма мен ананас шырынынан жасалған торт дайындады. Торттың үстіне «2» деген қызыл түсті жазу жазылған. Сонымен қатар тәтті картоп, алма, сәбіз, алмұрт, қант қамысы, банан және бамбук сияқты панда ұнатып жейтін дәмді тағамдар ұсынылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото