Цинхайдағы Дэду Моңғолдары жайлаудағы қодас, түйе мәдениетін көрсетті (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 тамыз
Цинхайдағы Дэду Моңғолдары  жайлаудағы қодас, түйе мәдениетін көрсетті

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11-інші тамызда Сайдам мәдени туризм фестивалінің бірқатар шараларының бірі ретінде Цинхай өлкесінің Дулан ауданында Дэду моңғолдарының 5-інші қодас мәдениеті фестивалі ашылды. Мақсаты - Дэду моңғолдарының қодас мәдениетіне мұрагерлік етіп және оны дамытып, Моңғолдың дала мәдениетінің брендін жасау.

Дэду Моңғолдарының қодас мәдениеті фестивалі екі күнге созылады. Оның барысында қодас, түйе, мотоцикл командасының қойылымдары, Дэду моңғолдарының дәстүрлі киімдері, мәдени қойылымдар, тірі жануарлар саудасы базары туралы талқы жиын, қодас мәдениетінің көрмесі, жүк арту, қодасты қолға үйрету, қодас күзеу, сақпанмен қарауыл ату, т.б. бірегей ұлттық ерекшеліктері бар бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото