Шаньдун Цзинань кітапханасының «Түнгі оқу алаңы» танымал болды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 тамыз
Шаньдун Цзинань кітапханасының «Түнгі оқу алаңы» танымал болды

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл Цзинань кітапханасының «Түнгі оқу алаңы» сынақ жұмысын бастады.

Жазғы каникулдан бастап, қала тұрғындарының кітап оқу және үйрену қажеттілігін жеңілдету үшін, Шаньдун өлкесінің Цзинань қаласындағы «Түнгі оқу алаңы» күн сайын сағат 17:30-дан 24:00-ге дейін жұмыс жасайды. Білімге құштар жандар үшін 550-ге жуық орын әзірленген.

Цзинань қалалық кітапханасының қызметкері Фэн Чжихуй: «Жазғы демалыстан бері қала тұрғындарының кітап оқып, білім үйренуге деген құлшынысы арта түсті. Күн сайын таңертеңнен кітапханаға келетін оқырмандардың саны 3000-ға таяды. Ал күні бойы 15000 - 16000 адамға кітап әлемінің есігі айқара ашылады», -деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото