- Барлық ақпарат
Шыңжаңнан жойылып бара жатқан Іле шарқылдақ тышқаны табылды (7)
11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 7 тамызында Іле шарқылдақ тышқанын қорғау еріктілер тобы Тяньшань таулары сілеміндегі Жың ауданына қарасты таулы өңірден Іле шарқылдақ тышқанын байқады.
Іле шарқылдақ тышқаны - Қытайдағы эндемикалық түр, алып пандадан да сирек кездесетін қоян текті кеміргіш хайуанат. Ол Тяньшань тауларының альпілік экожүйесінің ерекше тобы, халықаралық деңгейде жойылып бара жатқан және ұлттық негізгі қорғауға алынған жануар. Адамзаттың әрекеті, климаттың өзгеруі және түрлік ауысу себептерінен, Іле облысы Нылқы ауданы Желмарал тауындағы Іле шарқылдақ тышқаны түгелдей жойылып кеткен еді. Жақында бұл түр байқалған Жың ауданынына қарасты таулы өңір Іле шарқылдақ тышқанының алғашқы табылған жеріне ең жақын алқап болып саналады. Адамдар бұл жерден биыл бірнеше рет Іле шарқылдақ тышқанын кездестіріп, олардың әрекеттерін бақылады.
people.cn © People's Daily Online