Шыңжаңның Буыршын ауданында жаңа атау терминдерін қазақшаға аудару бойынша талқылау жиыны өтті (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 тамыз
Шыңжаңның Буыршын ауданында жаңа атау терминдерін қазақшаға аудару бойынша талқылау жиыны өтті

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің қаласындағы Қытай ұлттар тілін аудару мекемесі бас болып, Алтай қаласының Буыршын аудандық Халық үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған Қытай ұлттар тілін аудару мекемесінің 2022 жылғы жаңа атау-терминдерді қазақшаға аудару, бекіту туралы сарапшылар жиыны 4 тамызда Буыршын ауданында ашылды.

Бейжиңдегі орталық радио телевизия бас станциясының қазақ тілі бөлімі, Қытай ұлттар тілін аудару мекемесі қазақ тілі бөлімі, Бейжің Ұлттар баспасы қазақ редакциясы сияқты орындардан және Шынжаңдағы баспасөз, ақпарат, оқу-ағарту саласынан келген 30 шақты аударма-тіл мамандары талқыға қатынасып, жаңа атау терминдерді аудару, бір жүйеге түсіру мәселелерін талқылап, кең көлемде пікір алмасты.

Жиынды Қытай ұлттар тілін аудару мекемесі бастығының орынбасары Бауыржан Нұрмолдаұлы басқарды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото