- Барлық ақпарат
Шэньсидегі «Мыңжылдық байырғы қала» Шэнму Шимао жұрты (4)
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 тамыз
8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шэньси өлкесіндегі Шэнму Шимао жұрты Сары топырақты үстірттің солтүстік бөлігінде, Му Ус құмды шөлінің оңтүстік шетінде орналасқан. Бұл Қытай өркениетін зерттеу жобасының маңызды бір саласы болып табылады. Көне жұрттың негізгі бөлігі - шамамен 4000 жыл бұрын тастан салынған қала. Қала 4 миллион шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Ол еліміздегі қазірге дейін табылған ең үлкен тарихқа дейінгі қала орны болып саналады.
Соңғы жылдары археологтар бұл аймақтан ондаған мың нефрит, сүйек, керамикалық бұйымдарды тауып, қала қақпасы мен сарай аймағының қирандыларын да бірінен соң бірін анықтады. Қазіргі уақытта көне жұртта археологиялық қазба жұмыстары тұрақты түрде жүріліп жатыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online