- Барлық ақпарат
Қытайдың Ұлттық мұражайында «Италия тарихының бастауы – ежелгі Рим өркениеті көрмесі» ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 шілде
12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 10 шілдеде Қытайдың Ұлттық мұражайында «Италия тарихының бастауы – ежелгі Рим өркениеті көрмесі» ашылды. Көрме осы жылдың 9 қазанына дейін жалғасады. Мұражайдағы көрме 11 тақырыпқа бөлінген. Оның ішінде Италияның 26 ұлттық мұражайынан алынған 503 құнды мәдени жәдігердің 308 жиынтығы бар. Олардың кейбіреулері бұған дейін Италиядан тыс жерлерде жұртшылықпен жүздеспеген бұйымдар.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online