Бейжің хайуанаттар бағындағы 201 жаңа туған төл (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 шілде
Бейжің хайуанаттар бағындағы 201 жаңа туған төл

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжің хайуанаттар бағында алтын маймыл, қоңыр аю, арыстан тағы басқа 43 түрлі хайуанаттың 201 төлі туристерге көрсетіле бастады.

Жыл сайын маусым мен шілде айларында Бейжің хайуанаттар бағында жаңа туған төлдерді туристер тамашалай алады. Бейжің хайуанаттар бағы төлдердің күтімі ойдағыдай болу үшін әртүрлі қоректік тағамдар дайындап, аптап ыстықтың алдын алу және салқындату шараларын жүзеге асырады. Әрбір жануардың өздеріне тән ерекшеліктеріне сәйкес туристермен кездесу уақытын белгілейді. Осылайша кішкентай хайуанаттарды ортаға мүмкіндігінше тезірек бейімдеп, алаңсыз өсуін қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото