- Барлық ақпарат
Сычуаньның Яньюань ауданында Шан әулетінен Батыс Хань әулетіне дейінгі кезеңдегі мыңнан астам қабір табылды (8)
![]() |
20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың маусым айының ортасындағы жағдай бойынша археологтар Сычуань өлкесінің Яньюань ауданындағы Лаолунтоу жұртынан Шан әулетінің соңынан Батыс Хань әулетіне дейінгі кезеңдегі 1100-ден астам қабірді тазартып, 5000-ға жуық түрлі жәдігерлерді тапты.
Яньюань Лаолунтоу жұрты Сычуань өлкесінің Ляншань И автономиялық облысының Яньюань ауданында орналасқан. 2020 жылдың сәуірінен бастап қазірге дейін Чэнду мәдени жәдігерлер және археология институты, Сычуань мәдени жәдігерлер және археология институты, Ляншань И автономиялық облыстық мұражайы және Яньюань ауданы мәдени жәдігерлерді басқару институты бірлескен археологиялық топ құрып, Лаолунтоу жұртына іздестіру сипатындағы қазба жұмыстарын жүргізді.
Мәліметтерге сәйкес, бұл қазба оңтүстік-батыс Сычуань мен батыс Юньнаньдағы қола мәдениеті дамуын мәдени шежірелік тұрғыда зерттеуде негіз болып, маңызды мағлұмат береді. Сонымен бірге, оңтүстік-батыс аймақтағы әртүрлі этникалық топтар арасындағы барыс-келіс пен алмасу тарихын да растай алады.
people.cn © People's Daily Online