Сансиндуйдің 3000 жылдан кейін «біріккен» мүсіні

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 маусым

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусымда Сансиндүй археологиялық зерттеу тобы №8 «Құрбандық қабірінде» жаңадан табылған, төбесінде тостағаны бар жылан денелі қола адам мүсіні мен 1986 жылы №2 «Құрбандық қабірінен» табылған құс аяқты қола адам мүсінінің қалдықтары сәтті сәйкестендірілгенін хабарлады. Мәдени жәдігерге «құс аяқты иір денелі тостаған мүсін» деген ат қойылды. Олар 3000 жылға созылған «бөлінуден» кейін қайта қосылды. Мамандардың пайымдауынша, бұл құнды мәдени жәдігерді Қытай қола өркениетінің «жауһары» деп атауға болады.

Сол жақта 1 маусымда Сычуань өлкесінің Гуанхан қаласында түсірілген Сансиндуй орнындағы №8 «Құрбандық қабірінен» жаңадан табылған төбесінде тостағаны бар жылан денелі қола мүсін. Ортада 1986, 15 маусымда түсірілген №2 «Құрбандық қабірінен» табылған құс аяқты қола мүсіннің қалдықтары. Оң жақта сәтті сәйкестендірілген «құс аяқты иір денелі тостаған мүсін».

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото