Нинсядағы алғашқы құмды шөл кітапханасы пайдалануға берілді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 маусым
Нинсядағы алғашқы құмды шөл кітапханасы пайдалануға берілді

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 8 маусымда Нинсядағы тұңғыш құмды шөл кітапханасы Чжунвэй қаласында ашылып, пайдалануға берілді. Кітапхананың жобаланған кітап қорының сыйымдылығы шамамен 40 000 дананы құрайды. Ал қазір әр түрлі үлгідегі кітаптар топтамасынан 10 000 данасы қойылды. Бұл кітаптарды оқырмандар 24 сағат бойы оқи алады. Жүңвэй қаласы биылғы жылдың басынан бері жалпы 48 кітапхана, кітап дүкенін және оқу залдарын тұрғызып, тұрғындарды кітап оқуға жұмылдырды. Сөйтіп, көпшілікке мәдени қызмет көрсету жүйесін жақсартуға күш салды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото