- Барлық ақпарат
Шэньчжоу 14-тің үш астронавты Тяньхэ негізгі модулінде сәтті орналасты (4)
![]() |
6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерлік кеңсесінің хабарлауынша, «Шэньчжоу 14» басқарылатын ғарыш кемесі мен ғарыш станциясы автономды және жылдам түйісуге қол жеткізгеннен кейін, ғарышкерлер оралу модулінен орбиталық модульге кірді.
Рәсімдерге сәйкес барлық дайындықтар толық аяқталған соң, астронавт Чэнь Дун Тяньхэнің негізгі кабинасының есігін сәтімен ашты. 2022 жылдың 5 маусымы, Бейжің уақыты бойынша сағат 20:50-де астронавт Чэнь Дун, Лю Ян және Цай Сюйчжэ Тяньхэ-нің негізгі кабинасына кезекпен кірді.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 5 маусымында Бейжің уақытымен сағат 10:44-те «Шэньчжоу 14» басқарылатын ғарыш кемесін тиеген «Чанчжэн 2F Y14» зымырантасығышы Цзюцюань жерсерігін ұшыру орталығында ұшырылып, шамамен 577 секундтан кейін «Шэньчжоу 14» ғарыш кемесі зымыраннан сәтті бөлініп, алдын ала белгіленген орбитаға енген болатын. Қазір арышкерлердің жағдайы жақсы, ұшыру ойдағыдай жүзеге асты.
Алдағы уақытта ғарышкер экипажы жоспарланған тиісті жұмыстарды жүйелі атқаратын болады.
people.cn © People's Daily Online