- Барлық ақпарат
Жоғары жылдамдықты теміржол мен тасжол көпір тұңғыш рет бір жазықтықта орналастырылды (2)
1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мемлекеттік теміржол тобының хабарлауынша, 31 мамыр күні Ибинь Линьган тасжолы-темір жол қос мақсатты Янцзы өзені көпірі сәтті біріктіріліп, бүкіл көпірді уақытында аяқталуына сенімді қадам жасады.
Ибинь Линьган тасжолы-темір жол қос мақсатты Янцзы өзені көпірі Сычуань өлкесінің Ибинь қаласының шығысында орналасқан, Саньцзян жаңа аумағы мен Сюйчжоу аумағын тұтастырып тұрады. Оның жалпы ұзындығы шамамен 1742 метр, көпір кеңдігі шамамен 64 метр, ал негізгі аралығы 522 метр болып, бір типті көпірлердің ішінде оның ені мен кеңдігі әлемде бірінші орынды алады.
Көпір ортасында 4 желіде жылдамдығы сағатына 300 шақырым жоғары жылдамдықты теміржол, екі жағы қос бағытты 6 жолақты қалалық жедел жолдар, ал шеткі жағында жаяулар жолы мен моторсыз көліктер жолақтары етіп жобалаған. Бұл көпір аяқталғаннан кейін ол 3 әлемдік біріншілікті иеленеді,олар: біріншіден, әлемлегі тұңғыш рет бір жазықтықта орналасқан жоғары жылдамдықты теміржол мен тасжол көпірі, екіншіден, әлемдегі ең кең тасжол-теміржол қос мақсатты болат қорап арқалық аспалы көпірі, үшіншіден, әлемдегі ең ұзын тасжол-теміржол қос мақсатты болат қорап арқалық аспалы көпірі.
people.cn © People's Daily Online