- Барлық ақпарат
Қытайдағы қазба деректер адамның ортаңғы құлағы балықтың желбезегінен өзгергенін алғаш рет көрсетті (3)
![]() |
30 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында қытай ғалымдары Чжэцзян өлкесіндегі Чансин және Юньнань өлкесіндегі Цюцзин қалаларынан 400 миллион жыл бұрын тасқа айналған ежелгі балық қалдықтарына терең зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде балықтың су бүркетін саңылауынан желбезектың пайда болғаны расталды. Сондай-ақ ғылыми қауымдастық қазба деректер арқылы адамның естуде пайдаланатын ортаңғы құлағы балықтардың тыныс алу үшін пайдаланатын желбезектерінің өзгерген түрі екенін алғаш рет анықтады.
Ғасырлық ғылыми мәселені шешетін ежелгі омыртқалылардың эволюциясы туралы маңызды жаңалықты Қытай Ғылым академиясының омыртқалы жануарлар палеонтологиясы және палеоантропология зертханасының зерттеушісі Гай Жикунь, Қытай Ғылым академиясының академигі Чжу Минь анықтады. Бұл ғылыми жетістік Ұлыбритания Корольдік Ғылым академиясының академигі Филип Доногью, Швеция Корольдік Ғылым академиясының академигі Пер Э. Альберг сияқты ғалымдармен бірлесе отырып мәресіне жетті. Сондай-ақ осы ғылыми мақала «Frontiers in Ecology and Evolution» халықаралық кәсіби академиялық журналында жарияланды.
Суретте Бейжіңдегі Қытай Ғылым академиясының Омыртқалы жануарлар палеонтологиясы және палеоантропология зертханасындағы, Юньнань өлкесінің Цюцзин қаласынан жиналған, желбезектің ізі бар тас қалдық.
people.cn © People's Daily Online