- Барлық ақпарат
Ішкі Моңғұлда шамамен 125 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың қалдықтары табылды (4)
![]() |
16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ішкі Моңғұл автономиялық регионының Баяннаоэр табиғи-тарихи мұражайынан алған мәліметінше, жақында мұражай қызметкерлері Урад-Хошун (Ішкі Моңғұл Автономиялық регионының әкімшілік құрлымы, ауданға тең келеді) аумағынан күнделікті тексеру кезінде жақсы сақталған динозавр қазбасын тауып алды. Сүйек морфологиясын зерттеу нәтижесінде оның игуанодон түріндегі диназавр қазбалары екені анықталды.
Урад-Хошун - Ішкі Моңғұлиядағы Баяннаоэр қаласының солтүстік-батысында орналасқан «Динозаврлардың мекені» деген атауға ие. Мұражай меңгерушісінің айтуынша, бұл жолы табылған қазбалар шамамен 125 миллион жыл бұрынғы ерте бор кезеңінде қалыптасқан игуанодон динозаврының қалдықтарына сәйкес келеді. Қаңқа қалдықтарына қарағанда тұлғасы ірі, ересек динозавр болуы мүмкін деп тұспалдауға болады.
people.cn © People's Daily Online