- Барлық ақпарат
Алматылықтар Жеңіс күнін сән-салтанатымен тойлады (7)
![]() |
Алматыда Жеңіс күні мерекесі сән-салтанатымен тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мереке таңғы сағат 9.30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Осы саябақта қазақстандық заманауи әскери техника мен қару-жарақтың көрмесі өтті. Бұдан бөлек, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери-далалық ас мәзірімен мерекелік түскі ас беріліп, концерт ұйымдастырылды.
Сондай-ақ қала тұрғындары «Батырларға тағзым» акциясы аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағынан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін майдангер ата-әжелерінің суреттерін ұстап жүріп өтті.
Айта кетейік, Алматыда мерекелік іс-шаралар қаланың басқа аудандарында да өтті.
Сол күні қазақстандықтарды Жеңіс күні мерекесімен ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.
ҚР Мемлекет басшысы елордада «Отан ана» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
people.cn © People's Daily Online