- Барлық ақпарат
Жалғыз өзі қара лангурлар тобын 33 жыл бойы қорғап келеді (7)
![]() |
24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйчжоу өлкесіндегі Гуйчжоу Маян өзені ұлттық қорығы тау аңғарларының ішіне орналасқан, оның экологиясы тамаша. Ол ұлттық бірінші дәрежелі қорғалатын жануар және әлемде жойылып кету қаупі төнген қара лангурдың тіршілік ортасы болып табылады.
Биыл жасы 60-қа таяған Сяо Чжицзинь 1989 жылы Маян өзені ұлттық табиғи қорығының Лянцяо басқару станциясына тұрақты орманшы болып жұмысқа қабылданған. 1997 жылдан бері қарай қара лангурлардың өмір сүру әдеттерін ғылыми тұрғыдан бақылап-зерттеу үшін Сяо Чжицзинь қысы жазы тауды мекендеп, тау-тасты кезіп, қара лангурлармен бірге жүріп, браконьерлікпен күресіп келеді. Табаны күректей 33 жылда Сяо Чжицзинь мен қара лангур бір-бірімен танысып, тіпті бауыр басып кетті. Ауыл тұрғындары Сяо Чжицзиньды қара лангурмен «сөйлесе алатын адам» деп таниды.
people.cn © People's Daily Online