- Барлық ақпарат
Көркем Юньнаньды көрген де, көрмеген де арманда ... (11)
![]() |
13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань өлкесінің «Жануарлар патшалығы», «Өсімдіктер патшалығы» және «Ген түрлерінің қоймасы» деген атаулары бар. Юньнань өлкесі ел аумағының 4,1% -ын ғана алғанымен, ол мұхиттар мен шөлдерден басқа жердегі экожүйелердің барлық түрлерін қамтиды. Мұнда көптеген сирек кездесетін ерекше немесе ежелгі биологиялық топтар сақталған. Сонымен қатар бұл өлке биологиялық түрлердің шығу тегі мен дифференциация орталығы болып табылады. Биоәртүрлілігі бүкіл ел бойынша бірінші орында тұр.
Асқақ таулардан тропикалық жаңбырлы ормандарға, үстірт көлдерден ағынды өзендерге дейін, карстық жер бедерінен баябан қызыл топырақты алқапқа дейін созылған бұл құнарлы өлкеде адам мен табиғат үйлесімді өмір сүреді.
people.cn © People's Daily Online