Follow Xi | Азия-Тынық мұхиты аймағымен бірге Шэньчжэньге сапар

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 қараша

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Шэньчжэнь қаласында малайзиялық дуриан әуежайда кеденнен өткеннен кейін екі сағат ішінде тұтынушылардың дастарханында тұрады. Мұнда дрондармен жеткізу және роботталған бөлшек сауда сияқты инновациялық қызметтер қала өміріне үздіксіз енгізіліп жатыр. Азия-Тынық мұхиты аймағында Джакарта-Бандунг жоғары жылдамдықты теміржолы Қытай-Индонезия ынтымақтастығының жемісін көпшілікке жеткізуде, ал Таиландтағы BYD зауытында қытайлық және тайлық қызметкерлер техникалық қиындықтарды жеңіп, өнеркәсіптік даму мүмкіндіктерін бөлісу үшін бірге жұмыс істеуде.

«Ашықтық – Азия-Тынық мұхиты аймағы ынтымақтастығының жантамыры», «инновация – жаһандық дамуға бастамашылық етудің негізгі қозғаушы күші» және «ынтымақтасып тең ұтысқа жету – алға жылжудың даңғыл жолы». Төраға Си Цзиньпиннің басшылығымен Қытай ашықтықтың жоғары деңгейі арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағымен байланыс орнатып, инновациялық ынтымақтастық арқылы жаңа мүмкіндіктер жасауда.

18-19 қараша аралығында APEC көшбасшыларының 33-інші бейресми кездесуі Шэньчжэнь қаласында өтеді. Ашықтық, инновация және ынтымақтастық рухымен Шэньчжэнь Азия-Тынық мұхиты аймағынан келген қонақтарды қарсы алуға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото