«Fortune Global 500» тізіміне енген 100-ден астам компанияның өкілдері APEC бас директорлары саммитіне қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қараша

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы APEC аясындағы іскерлік іс-шараларға қатысты 15 қарашада өткен баспасөз мәслихатында Қытайдың Халықаралық сауданы дамыту кеңесі төрағасының орынбасары Ли Циншуан «Fortune Global 500» тізіміндегі 115 компанияның өкілдері APEC бас директорлары саммитіне (APEC CEO Summit) қатысатынын мәлімдеді. Қатысушы шетелдік экономикалардың ішінде ең көп компания АҚШ-тан келетін болып, жалпы санның шамамен 20%-ын құрайды. Сонымен қатар іс-шараға түрлі халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ АҚШ, Ресей және Жапония сияқты елдердің бизнес қауымдастықтарының жетекшілері де қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото