2026 жылғы APEC көшбасшыларының кездесу апталығының баспасөз орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қараша күні 2026 жылғы Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (APEC) көшбасшыларының кездесу апталығының баспасөз орталығы Шэньчжэнь қаласында ашылды.

18-19 қараша аралығында APEC көшбасшыларының 33-інші бейресми кездесуі Шэньчжэнь қаласында өтеді.

APEC көшбасшылары кездесуі апталығының баспасөз орталығы Шэньчжэнь жиналыс және көрме орталығының (Футянь) №2 павильонында орналасып, аумағы шамамен 15 мың шаршы метрді құрайды. Онда БАҚ жұмыс аймағы, техникалық қолдау аймағы, баспасөз конференциялары аймағы, «Журналистер үйі» қызмет көрсету аймағы сияқты функционалдық аймақтар бар. Ол хабарлама жасауға қатысатын 5000-ға жуық қытайлық және шетелдік журналистерге қызмет көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото