Қытайлық «Айдаһар мейрамханасына қош келдіңіз» фильмі «Оскар» сыйлығына таласады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қазанда «Айдаһар мейрамханасына қош келдіңіз» (Welcome to Dragon Restaurant) фильмінің продюсерлері бұл туындының 99-ыншы «Оскар» сыйлығында «Үздік халықаралық көркем фильм» санаты бойынша Қытайдың материктік бөлігі атынан бақ сынайтынын жариялады.

Режиссері Вэнь Муе (Wen Muye) болған фильмде басты рөлдерді Шэнь Тэн, Цзян Цимин, Омар Шариф және Аариф Ли (Aarif Lee) сомдайды. Оқиға желісі 2003 жылғы Ирак соғысы аясында өрбіп, Орта Шығысқа қытай мейрамханасын басқаруға барған қытайлық аспаз Сюй Фудың тағдырын баяндайды. Ол аласапыран соғыс ортасында тағамын жасай жүріп, сол тағамдарымен соғыстан зардап шеккен жетім балаларға қамқорлық жасайды. Фильм қытай асханасының жылуы мен адамгершілік рухын пайдалана отырып, соғысқа қарсы үндеу мен бейбітшілікке деген ұмтылысты жеткізеді.

Фильм 11 тамыздан бастап Қытайдың материктік бөлігінде ресми түрде қойылды. 7 қазандағы жағдай бойынша, оның Қытай материк бөлігіндегі жалпы кассалық түсімі 2,356 миллиард юаньнан асқан. Қыркүйек айынан бастап фильм Қытайдың Сянган, Аомэнь региондары мен шетелдің Аустралия, Жаңа Зеландия, Малайзия, Сингапур сынды елдерінде көрсетіле бастады.

99-ыншы «Оскар» сыйлығындағы «Үздік халықаралық көркем фильм» санаты бойынша қысқаша тізім 2026 жылдың 15 желтоқсанында жарияланады, ал финалға өткен 5 үміткер 2027 жылдың 21 қаңтарында белгілі болады. Марапаттау рәсімі 2027 жылдың 14 наурызына жоспарланған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото