Қытай мен Орталық Азия арасындағы екіжақты трансшекаралық туризм қарқынды дамып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың мемлекет мерекесіндегі ұзақ демалыс пен визасыз режимге қатысты түрлі шаралардың енгізілуі арқасында Орталық Азия қытайлық туристер үшін танымал саяхат бағытына айналды.

Қытай мен Өзбекстан арасындағы өзара визасыз режим туралы келісім 2025 жылдың 1 маусымында ресми түрде күшіне енді. Өзбекстанның Туризм комитетінің деректеріне сәйкес, аталған саясат енгізілгеннен кейін қытайлық туристер саны бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 3,5 есеге артқан. Жергілікті саудагерлердің айтуынша, әр жолы Қытайдың мемлекет мерекесі кезінде Бұхара қаласына баратын қытайлық туристердің саны айтарлықтай көбейеді.

Қазақстан да қытайлық туристер арасында үлкен сұранысқа ие. Алматы маңындағы Шымбұлақ курортынан Шыңжаңның Іле облысы арқылы өтіп барған көптеген қытайлық туристерді кездестіруге болады. Ханчжоу қаласынан барған турист Ци Юэ визасыз режим өздерінің «Қазақстанға барайық» деп тосыннан шешім жасауына ең үлкен себеп болғанын айтты.

Кейбір туристер бір сапар барысында бірнеше елді аралауды жөн көреді. Қытайлық турист Чжан Дунни Алматыдан Қырғызстандағы Ыстықкөл мен Ош қаласына саяхаттап, одан әрі Тәжікстанға баруды жоспарлаған.

Сонымен қатар Орталық Азия елдерінен Қытайға келетін туристер саны да айтарлықтай өсті. Гуанчжоу Байюнь кіріп-шығу бақылау бекетінің статистикалық деректеріне сүйенсек, 2 маусымдағы жағдай бойынша, биыл Байюнь әуежайы арқылы өткен Орталық Азияның бес елінен келген саяхатшылардың саны 90 мыңнан асқан, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 286,6%-ға жоғарылаған.

Әсіресе Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген саяхатшылар санының айтарлықтай өскені байқалды. Көрсеткіштер тиісінше 258,4%-ға, 351,9%-ға және 660,6%-ға артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото