- Барлық ақпарат
169 алтын, 89 күміс және 83 қола медаль! Қытай делегациясы Азия ойындарында алтын медаль саны бойынша қатарынан 12 рет көш бастады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай делегациясы Жапонияның Нагоя қаласындағы ХХ Азия ойындарында барлығы 169 алтын, 89 күміс және 83 қола медаль еншіледі. Осылайша, Қытай 1982 жылғы Нью-Дели Азия ойындарынан бері қатарынан 12 рет алтын медаль кестесінде көш бастап келеді. 169 алтын медаль көрсеткіші Қытай спортшыларының шетелде өткен Азия ойындарындағы жеңісінде жаңа рекорд орнатты.
Естеріңізге сала кетсек, Қытай делегациясының шетелде өткен Азия ойындарындағы алтын медаль бойынша бұрынғы рекорды Доха Азия ойындарында тіркелген 165 медаль болатын. Бұл жолғы Нагоя Азия ойындарында спорттың 43 түрінен 469 жарыс ұйымдастырылды. Қытай спортшылары 38 үлкен түр мен 369 шағын жарыста бақ сынады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



