ҚР Вице-Президенті Ерлан Қарин Джеки Чанға Қазақстанға деген айрықша ықыласы үшін алғыс айтты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қазан

Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Вице-Президенті Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобы мүшелерімен кездесті. Кездесуге әлемге әйгілі режиссер әрі киноактер Джеки Чан қатысты. Бұл туралы Ақорда жазды.

Кездесу барысында кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ бірлескен киножобаларды одан әрі жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Ерлан Қарин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың креативті индустрияны дамытуға және азаматтардың шығармашылық әлеуетін паш ету үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

ҚР Вице-Президенті ірі халықаралық киножобалардың Қазақстанда түсірілуі өздерінің отандық киноиндустрияның дамуына, жергілікті мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін шыңдауға және халықаралық киноөндіріс үшін Қазақстанды әлеуетті алаң ретінде танытуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында Ерлан Қарин Джеки Чанға Қазақстанға деген айрықша ықыласы үшін алғыс айтып, жобаға қатысушылардың алдағы шығармашылық жұмысына табыс тіледі.

Фото: Ақорда

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото