Өзбекстанда Қытайдың көмегімен жүзеге асырылған жел энергетикасы жобасы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 тамыз

Photo: UzHydroEnergo

Photo: UzHydroEnergo

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Өзбекстанда Қытайдың көмегімен жүзеге асырылған Чарвак жел энергетикасы жобасы 20 тамыз күні Ташкент облысының Бостанлық ауданында аяқталды. Бұл жоба «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жасыл энергетикалық ынтымақтастықтың маңызды құрылысы. Сонымен қатар ол еліміздің Орталық Азияда жүзеге асыратын үлгілік шетелдік көмек жобасы.

Бостанлық ауданының әкімі Журабек Ахмедов қытайлық құрылыс тобы күрделі таулы жер бедері мен көлік қиындықтарын еңсеріп, өздерінің ерекше техникалық шеберлігі мен бай тәжірибесін пайдалана отырып, жобаны сәтті жүзеге асырғанын айтты.

Мәліметтерге сәйкес, жобаның жалпы орнатылған қуаты 20 мегаватт, төрт 5 мегаваттық жел турбинасы қондырғысы бар. Жоба құрылыс мезгілі 12 айға созылды. Ол ондаған мың жергілікті отбасының жылдық электр энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандырады, жыл сайын шамамен 12 миллион текше метр табиғи газды үнемдейді және көмірқышқыл газы шығарындыларын шамамен 24 000 тоннаға азайтады деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото