«Ұзақ жорық-10B» зымыран тасығышы тұңғыш ұшырылып, 1-інші кезеңдегі басқарылатын қайтарып алуды сәтті аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 шілде

10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Ұзақ жорық-10B» (Чанчжэн-10B) зымыран тасығышы бүгін Хайнань коммерциялық ғарыш кемесінің ұшыру алаңынан ұшырылып, жерсерігін белгіленген орбитаға сәтті орналастырды. Зымыранның 1-інші және 2-інші кезеңдері ажыратылғаннан кейін 1-інші кезеңі басқарылатын режимде жерге қайта оралып, теңіздегі қабылдайтын платформада орнатылған торлы ұстау жүйесі арқылы сәтті қабылданды. Осылайша зымыранды ұшыру да, оның 1-інші кезеңін қайтару операциясы да толық табысты аяқталды.

Бұл – Қытайдың зымыран тасығышының 1-інші кезеңін басқарылатын режимде алғаш рет сәтті қайтаруы. Сонымен қатар бұл – елдің қайта пайдалануға болатын зымыран технологиясындағы үлкен серпіліс.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото