- Барлық ақпарат
Халықаралық валюта қоры Қытайдың экономикалық өсу болжамын көтерді
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 шілде

10 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық валюта қоры «Әлемдік экономикалық болжам» есебін жаңартып, 2026 жылға арналған жаһандық экономикалық өсу болжамын 0,1 пайыздық тармаққа төмендетіп, 3%-ға дейін түсірді. Бұл Қордың биыл сәуір айында жасалған 0,2 пайыздық тармаққа қысқартқаннан кейін жаһандық экономикалық өсу болжамын тағы да төмендетуі.
Керісінше, Халықаралық валюта қоры Қытайдың 2026 жылға арналған экономикалық өсу болжамын 0,2 пайыздық тармаққа көтеріп, 4,6%-ға дейін жеткізді. Есепте Қытайдың экономикалық көрсеткіштері күткеннен асып түскені, бұл негізінен жоғары технологиялық өндіріс секторының күшті көрсеткіштері және онымен байланысты экспорттың экономикаға айтарлықтай серпін беруі себеп болғаны атап өтілді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



