Сянган арнаулы әкімшілік регионының бас атқарушысы Ли Цзячао Қазақстан мен Өзбекстанға сапар жасады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 маусым

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сянган арнаулы әкімшілік регионының бас атқарушысы Ли Цзячао 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Қазақстан мен Өзбекстанға сауда делегациясын бастап сапар шекті.

Сянган арнаулы әкімшілік регионының үкіметі хабарлағандай, бұл сапардың мақсаты – осы екі Орталық Азия елімен қаржы, сауда, инфрақұрылым, инновациялық технологиялар және жасыл даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайту. Сапар бағдарламасы сонымен қатар жаңа сауда жолдарын ашу және дамып келе жатқан нарықтардың мүмкіндіктерін зерделеу мәселелерін қамтиды.

Ли Цзячао атап өткендей, бұл делегация – Сянган арнаулы әкімшілік регионының қазіргі үкіметінің мерзіміндегі ең ірі сауда делегациясы. Оның құрамында 40-тан астам Сянганның іскер және кәсіби өкілдері, сондай-ақ шамамен 30 ішкі құрлық (Ішкі Қытай) кәсіпорын өкілдері бар. Бұл қаржы, құқықтық қызметтер, құрылыс, машина жасау, логистика және озық өндіріс секілді салаларды қамтиды.

Бас атқарушының айтуынша, делегация Орталық Азия кәсіпорындарын Сянганның платформалық артықшылықтарын пайдаланып, бизнестерін кеңейтуге ынталандыруды көздейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото