Биыл Шанхай порттарында шетелдік жолаушылар саны 20,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 ақпан

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 23 ақпанда Шанхай шекара инспекциясынан алған мәліметіне сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарынан 23 ақпанына дейін Шанхай шекара инспекциясы органдары шамамен 700 000 шетелдік жолаушыны өткізген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20,9%-ға жоғары. Жолаушылардың көпшілігі Корея Республикасынан, Ресейден, Америка Құрама Штаттарынан және Тайландтан келгендер. Олардың ішінде визасыз немесе транзиттік визасыз саясат арқылы келген 452 000 жолаушы 64,6%-ды құрайды.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан 23 ақпанына дейін Шанхай шекара инспекциясы органдары жалпы алғанда 6,136 миллионнан астам кіретін және шығатын жолаушыларды тексеріп өткізген. Көктем мерекесінің (15-23 ақпан) аяқталуына байланысты Шанхай порттарындағы жолаушылар ағыны ең жоғары көрсеткішке жетті. 22 ақпанда Шанхай порттарында тексерілген жолаушылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 160 мыңнан асты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото