Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 ақпан

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Kazinform.

2026 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,1% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ал Қазақстанның әлемдік экономикалық өсімдегі үлесі — 0,7%. 2026 жылы Қазақстан экономикасы 4,8%-ға өседі деп болжанған.

ҚР Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өскен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото