- Барлық ақпарат
Қазақстан миграциялық саясатты қайта қарайды
2026 жылғы 8 қаңтарда ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелеріне қатысты жан-жақты түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақстандық БАҚ.
Айда Балаеваның айтуынша, қазіргі жағдайда көші-қон әлеуметтік-экономикалық және геосаяси өзгерістердің маңызды көрсеткіші саналады. Осыған байланысты Қазақстан көші-қон процестерін реттеу тәсілдерін қайта қарап, жүйені барынша ашық, басқаруға қолайлы әрі Қазақстан азаматтарының мүддесіне бағытталған етуге басымдық беріп отыр.
Оның айтуынша, қазіргі заманда көші-қон саясаты қоғамдағы, экономикадағы және әлемдегі өзгерістердің айқын көрсеткішіне айналып отыр. Сондықтан көптеген елдер өз көші-қон саясатын қайта қарап жатыр. Қазақстан да бұл бағытта нақты қадамдар жасап, көші-қон жүйесін заман талабына сай жаңартып келеді.
Оның айтуынша заң ашық әрі айқын болып, ең бастысы мемлекет пен азаматтардың мүддесіне қызмет етуге тиіс.
«2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжатта экономиканың қажеттілігі, азаматтардың мүддесі мен ұлттық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қарастырылған. Ең алдымен, Қазақстан азаматтарының мүддесін басшылыққа алатыны жазылған. Шетелдік жұмыс күші тек нақты кадр тапшылығы бар салаларға ғана тартылады»-, депты хабарда.
«Көші-қон бағыт-бағдары өңірлер мен нақты жобалардың сұранысына сай қалыптасады»,- деді Айда Балаева.
«Бұл ретте басты назар "Заң және Тәртіп" қағидатының сақталуына салынатын болады. Заң бәріне ортақ. Сондықтан көші-қон талаптарын бұзғандар жауапкершіліктен сырт айналып кете алмайды. Бұл талап мигранттарға да, жұмыс берушілерге де бірдей қолданылады. Қауіпсіздік елге кіруден бастап, елден шығуға дейін толық қамтамасыз етіледі. Біздің мақсатымыз – Қазақстанға заңды сыйлайтын, мәдениетімізді құрметтейтін адамдардың келуі»,- дейді Айда Балаева.
people.cn © People's Daily Online



