Қазақстан 20 жылда 439,7 млрд доллар инвестиция тартқан

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қаңтар

Фото: Kazinform

Фото: Kazinform

ҚР экономика вице-министрі Асан Дарбаев соңғы 20 жылдағы Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі мен 2025 жылы келген қаржы ағыны туралы баяндады деп жазды Kazinform.

Қазақстан Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2005 жылдан 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта Қазақстан экономикасына 439,7 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған.

Ал 2025 жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасына 14,9 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция келген. Бұл 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артық.

Хабарда бүгінгі таңда Қазақстанның алдында 2029 жылға қарай экономика өсімін екі есе арттыру міндеті тұрғаны жазылған. ҚР экономика вице-министрінің айтуынша мақсатқа қол жеткізудің негізгі факторы — кемінде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту, сондай-ақ 2029 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 23%-ына дейін жеткізу.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото