- Барлық ақпарат
Өткен жылы Қазақстанда шекара заңнамасын бұзған 52 мың адам жауапқа тартылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 қаңтар

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылы 6 қаңтар күні Қазақстан Шекара қызметінің өткен жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы деректерді ұсынды.
Сол деректерге сәйкес, ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті органдармен өзара іс- қимыл жасай отырып, Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адамды жауапқа тартты.
Тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалысының 17 541 фактісінің алдын алды, оның ішінде есірткі заттары, қару мен оқ-дәрілер, жанар-жағармай материалдары қатарлылар бар.
Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі дерегінде.
Фото:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



