- Барлық ақпарат
Қазақстанның ҚазМұнайГаз зауыттары 2025 жылы өндіріс тарихындағы рекордтық деңгейге жетті

Фото:ҚазАқпарат
Қазақстанның «ҚазМұнайГазға» қарасты мұнай өңдеу зауыттары 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік көрсеткіштердің ең жоғары тарихи деңгейіне жетті деп жазды Қазақстандық БАҚ.
Жедел деректерге сәйкес, Қазақстандық зауыттар 13,6 млн тонна жеңіл мұнай өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,18 млн тоннаға, ал 2023 жылғы деңгейден 1,55 млн тоннаға артық.
2025 жылы Қазақстанда өңделген шикізаттың жиынтық көлемі 17,46 млн тоннаны құрап, бір жылда 0,7 млн тоннаға өсті. Операциялық тиімділікті арттыру нәтижесінде барлық мұнай өңдеу зауыттарында жеңіл мұнай өнімдерінің шығымы 78%-ға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 4 пайыздық тармаққа жоғары.
Жыл қорытындысында мұнай өңдеу тереңдігі 90% болды. Бұл – бір жылда 2,6%-ға артқан нәтиже. Дизель мен бензин өндірісінде рекорд 2025 жылғы басты жетістіктердің бірі – дизель отыны өндірісінің рекордтық деңгейге жетуі. Оның көлемі 6,14 млн тоннадан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 850 мың тоннаға көп.
Бензин өндірісі де 400 мың тоннаға ұлғайды. Бұл Қазақстанның ішкі нарығының сұранысын толық қамтамасыз етіп, отын тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік берді.
people.cn © People's Daily Online



