Шэньчжэнь және Сянган әлемдік қалалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде алғашқы ондыққа енді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 желтоқсан

 Шэньчжэнь

Шэньчжэнь

31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 желтоқсан күні Сянган Қытай қалаларының бәсекеге қабілеттілігін зерттеу қауымдастығы, Қытай және шетел қалаларының бәсекеге қабілеттілігін зерттеу институты және басқа да ұйымдар бірлесіп «2025 жылғы 24-інші жаһандық (ұлттық) қалалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингісін» жариялады. Рейтингте Шэньчжэнь 7-орынға, Сянган 9-орынға жайғасты.

Сянган

Сянган

Әлемдік қалалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингісіндегі 50 қаланың ішінде Нью-Йорк 16 жыл қатарынан көш бастап келеді. Ал Лондон мен Париж тиісінше екінші және үшінші орынға жайғасқан. Қытайдың 12 қаласы осы тізімнің қатарында. Олар Шэньчжэнь, Сянган, Шанхай, Бейжің, Гуанчжоу, Сучжоу, Чунцин, Ханчжоу, Нанкин, Ухань, Чэнду және Циндао.

Мәліметтерге сәйкес, жаһандану мен нарықтық экономиканың бастамашылығында әлемдік қалалардың бәсекеге қабілеттілігі қаланың экономикалық күші, ресурстық әлеуеті, мәдениеті, технологиясы, инновациясы, ашықтық деңгейі, басқару мүмкіндіктері және халықтың тұрмыс сапасын қамтамасыз ету сияқты факторлардың жиынтығынан қалыптасатын кешенді бәсекелік артықшылықты білдіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото